- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»АҚ 800 млрд теңгенің ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қойды
Алматы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»АҚ 800 млрд теңгенің ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қойды
Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен өткен келелі кеңесте «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ төрағасы Өмірзақ Шүкеевпен өткен жылдың ынтымақтастықтың нәтижесін талқыланды.
«Самұрық - Қазына кәсіпорындары мен қорымен бірлесіп ілкімді істер іске асырылуда. Нәтижесінде олар шаһар экономикасына оң әсерін тигізуде. 10 айдың қорытындысы бойынша бізде барлық салаларда өсім байқалуда. Сонымен, өндіріс 3%-ға, құрылыс 21%-ға, тауарайналымы 12%-ға, сауда 9%-ға өссе, ЖӨӨ 9 айдың қорытындысы бойынша 4,8 триллионды құрап, 8% өсімді көрсетті»,- деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Мегаполис басшысының айтуынша, энергетика саласына ерекше көңіл бөлінген. Қормен ынтымақтастықтың арқасында қаланы электр энергиясымен қамтамасыз ету, және көгілдір отынды тарту бойынша проблемалар өз шешімін тапты.
Осы ретте «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшысы Алматы қордың сатып алуларының үштен бір бөлігін қамтамасыз ететінін тілге тиек етті.
«Бұл өте үлкен сан және ол қаланың өндірістік және индустриалды секторы өте жақсы дамығанын көрсетеді. Алматылық өндірушілердің тауары мен қызметінің сапасы біздің көңілімізден шығады, олар бәсекеге қабілетті», - деді Өмірзақ Шүкеев.
Айта кетерлік жайт, «Мемлекеттік тапсырыс» акциясы соңғы алты жыл бойы өткізіліп келеді. Оның мақсаты мемлекеттік сатып алудағы қалалық таураөндірушілердің үлесін арттыру. Ал, «Мемлекеттік тапсырыс-2014» акциясы ұлттық компанияның сатып алу жоспарымен кеңінен танысуға мүмкіндік берді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері