- Басты
- Жаңалықтар
- 2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымдық даму бағдарламасы жылдың соңына дейін әзірленеді –Досаев
2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымдық даму бағдарламасы жылдың соңына дейін әзірленеді –Досаев
Ерболат Досаев ұжым алдында жасаған баяндамасында Жолдаудағы нақты жобалар және оларға қажетті көлемдегі қаражат көздері белгіленіп көрсетілгенін атап өтті.
«Елбасы атап өткендей «Нұрлы - Жол» - жаңа экономикалық саясат контрциклді болатынын Министр қоса айтты. Қысқаша айтқанда, бұл экономикалық баяулау кезеңдерінде мемлекеттік шығыстарды өсіруді және жоғары экономикалық белсенділік кезеңдерінде мемлекеттік шығыстарды тежеуді білдіреді. Екіншіден, жаңа экономикалық саясат біздің экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталатын болады. Бұл бәсекеге қабілеттілікті, өнімділікті арттыру, экономиканың құрылымын, оның жаңа тауарлар шығару мен қызметтер ұсыну қабілетін жақсартуды білдіреді. Сондықтан Ұлттық қордың жаңа инвестициялары экономиканы одан әрі қайта жаңартуға бағытталады. Ең алдымен, бұл – көлік, энергетика, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымды, шағын және орта бизнесті дамыту», - деді министр.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Елбасының «Нұрлы жол – Болашаққа Бастар Жол» Жолдауын мерзімінде іске асыру мақсатында 25 шарадан тұратын Жалпыұлттық жоспар дайындағандығы жөнінде министр атап өтті. «Бұл құжат Жолдауды іске асыру бойынша алғышартты шараларды қабылдауды қарастырып отыр. Оның ішінді «2015-2019 жылдарға арналған Инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасын» дайындау. Ол министрлік тарапынан әзірленуі тиіс екенін атап өтті.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекеттік бағдарламада Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі 7 бағыт қамтылған. Олар: елдің көліктік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту; индустриялдық және туризм инфрақұрылымын дамыту; энергетикалық инфрақұрылымды дамыту; тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын, су және жылумен қамтамасыз ету желілерін жаңғырту; тұрғын-үй инфрақұрылымын нығайту; әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту; шағын, орта бизнесті және іскерлік белсенділікті қолдау.
« Мемлекеттік бағдарлама жобасында әрбір бағыт бойынша арнайы бөлімдер, оларда негізгі тетіктері, қаржы инструменттері мен басымдылық жобалардың іске асырылу мерзімдері нақтыланғанын», - Министр айтып өтті. Мемлекеттік бағдарлама жобасы ағымдағы айдың соңына дейін Мемлекет басшысыныі қарауына енгізілетін болады.
Алқа отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсова, ҚР Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетітінің төрағасы Сәкен Сәрсенов, Президент Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру – аумақтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы Еркеғали Әлімқұлов қатысты.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары