Елбасы Шымкенттің жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында болды

4 Желтоқсан, 2014 17:05
Елбасы Оңтүстік Қазақстан олысына жұмыс сапары барысында Шымкенттің жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына мұнда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті сондай-ақ «Қаратау» жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы құрылысының барысымен танысты.

«Ауданның алаңы 1600 гектар болатын аумағында мәдени-әлеуметтік, сауда-экономикалық және әкімшілік мақсатта 12 нысан салынған, тағы 26 нысанның құрылысы жүзеге асырылуда. Жалпы қалада оның архитектуралық келбетін жетілдіру, саябақтық демалыс аумақтарын дамыту іс-шаралары атқарылуда», - делінген хабарламада.     

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы заманауи стандарттарға толық сай келетін және мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайланып салынған «Түркістан» жаңа салтанат сарайын аралап көрді.  

1420 адамдық көрермен залы бар бұл сарайда халықаралық және республикалық шаралар, конференциялар, салтанатты кештер мен концерттер өтетін болады. 

Барлық жаңалықтар