- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның модельерлері мен дизайнерлері ұлттық киімді сақтауда бірқатар әдіс ұсынды
Қазақстанның модельерлері мен дизайнерлері ұлттық киімді сақтауда бірқатар әдіс ұсынды
«Менің ойымша, Қазақстанда бұл тұрғыда көптеген келеңсіздіктер бар. Ұлттық киімді дамыту мен қазіргі тұрмыста ұлттық нақыштарды сақтап қалу күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Бұл жастардың кейінгі тәрбиесінде де айтарлықтай мәнге ие. Біздің ұлттық оюлар мен нақыштарымыздың өзіндік терең философиялық мәнінің өзі зерттеуге тұрарлық дүние. Дегенмен соңғы кездері аталмыш түйіннің тарқатылып, өзінің шешімін тауып келе жатқаны көңіл қуантады. Енді осыны заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етіп, халықтың зияткерлік қасиеттерін іске қосу керек», - дейді әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Майра Айсина.
Отырыс барысында ғалымдар, қоғам қайраткерлері, Қазақстан сән өнерінің айтулы тұлғалары, жас дизайнерлер ұлттық киімнің бүгіні мен ертеңіне қатысты мәселелерді жан-жақты талқылап, оны жаңғырту мен заманауи талаптарға сай дайындау туралы ойларын ортаға салды. Басты мәселе – оны қазақстандықтардың күнделікті өмірде тұтынуы. Қатысушылардың айтуынша, қазіргі таңда қазақтың ұлттық киімдері өзге елдерде де айтарлықтай танымалдыққа ие.
Айта кету керек, «Отбасым» ұлттық құндылықтар оралығы «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруда өзіндік үлесін қосу мақсатында аталмыш бағытта ұлттық құндылықтарды дамыту мен сақтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Атап айтар болсақ, халық арасында, әсіресе жастар арасында ұлттық дәстүрге сай киіну тәртібін қалыптастыруда еңбек етуде.
Шара қорытындысы бойынша, бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылып, мемлекет мойына міндеттемелер жүктелді.
Шараны ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат бойынша ұлттық комиссия мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, сонымен қатар ҚР Ұлттық музейінің қолдауымен «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығы ұйымдастырды.
Индира Қауметова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді