- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Қасымбек: «Нұрлы жол» - әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыратын кешенді жоспар (Фото)
Ж.Қасымбек: «Нұрлы жол» - әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыратын кешенді жоспар (Фото)
Облыс әкімдігінде облыс активімен кездескен топ мүшелері Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары бойынша түрлі салаларда атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.
Кездесуде сөз алған бірінші вице-министр Жеңіс Қасымбеков Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» ақпараттық топ жетекшісінің айтуынша, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің, Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы, жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеу мәселелеріне қатысты баяндады. Мәселен, Алматы облысына жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 2015 жылы 97 млрд. теңге бөлінеді, соның ішінде Үшарал – Достық автожолын жөндеу жобасы бар екенін де тілге тиек етті.
Сол сияқты алдағы жылдың маусым-шілде айларынан бастап Талдықорған – Астана бағытына қазіргі ЯК-40 ұшағының орнына «Эйр Астана» немесе «Скат» әуе компанияларының бірінің жаңа ұшақтары қатынайтыны айтылды. «Республика бойынша 10 еркін экономикалық аймақ бар. Соның ішінде 2015 жылға қаржы бөлініп отырған аймақтың бірі - «Қорғас» шығыс қақпасы», - деді баяндамашы. Сол сияқты электр энергетикасы, тұрғын үй мәселелеріне де тоқталды.
Мұнан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Департамент басшысының міндетін атқарушы Ләззат Құпанова ауыл шаруашылығы саласындағы міндеттер мен оған қолжеткізу жолдары, Білім және ғылым министрлігінің Департамент басшысы С.Мәдиев апатты және үшауысымды мектептер мәселесін шешу, мектепке дейінгі мекемелердегі орын жетіспеушілігі мәселесін жою және білім саласындағы өзге де атқарылатын шаралар туралы баяндады. Облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаев Жолдауды түсіндіруге қатысты облыстағы ақпараттық тобының жұмысы туралы айтып берді.
Облыс әкімі Амандық Баталов Жолдаудың міндеттерін жүзеге асыру облыстың экономикасына жаңа серпін беретінін атап өтіп, республикалық ақпараттық топ мүшелерінің облыс өңірлеріне шығатын сапарларына сәттілік тіледі.
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
COVID-19: Коронавирусқа қарсы иммунитет өмір бойына сақталуы мүмкін бе -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
Cалықтық декларациялау: тапсыру мерзімі, көрсетілетін деректер және іс-шаралар жоспары -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері