- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отанда» қазақстандықтардың ең өзекті 5 мәселесі айтылды
«Нұр Отанда» қазақстандықтардың ең өзекті 5 мәселесі айтылды
Партия қоғамдық қабылдауларына шешім сұрай келетін қазақстандықтардың ең көп айтатын мәселелері – жұмысқа тұру және жалақының төленбеуі, үй салу мәселелері мен жер телімдерін алу, әлеуметтік мәселелер, оның ішінде зейнетақы, жәрдемақы, материалдық көмектер, көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасы мен ПИК атына арыздар мен сот шешімдерімен келіспеу немесе сот шешімдерінің орындалмауы.
Тарқатып айтар болсақ, аталмыш шағымдардың арасында жұмысқа тұру мен еңбек жалақысының төленбеуі 21%, екінші орында мемлекеттік қордан жер телімін алу мен тұрғын үй салу мәселесінің пайыздық көрсеткіші 15%, тағы 11%-ы әлеуметтік мәселелер, яғни зейнетақы, жәрдемақы, материалдық көмектерге көңіл толмау болса, арыз айта келетіндердің 6%-ы коммуналды қызметтер мен ПИК қызметтеріне қанағаттанбайтындар болса, тағы 3%-ы сот шешімімен келіспейді немесе сот шешімінің орындалмайтынын алға тартады.
Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында дәл осы мәселелерді шешуге баса назар аударған еді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының ең үздік қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауы қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздарды анықтау барысында өтініштерді қарау мерзімін сақтау, өтініш берушінің қоғамлық қабылдау жұмысына қанағаттану деңгейі, өтініштердің оң шешімдерінің үлесі, биылғы жылғыөңірлердің өзекті мәселелеріне азаматтарды тақырыптық қабылдау жүргізудің көрсеткіші, өтініштерді дер кезінде тіркеу мен азаматтарды «электронды қоғамдық қабылдау» біріңғай ақпараттық жүйесіне азаматтарды қабылдау, «электронды қоғамдық қабылдау» біріңғай ақпараттық жүйесіне азаматтар мәліметтерін енгізудің дұрыстығы секілді талаптар ескерілді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек