• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҚО-да әлеуметтік серіктестік пен дуальды білім беруді дамыту мәселелері талқыланды

БҚО-да әлеуметтік серіктестік пен дуальды білім беруді дамыту мәселелері талқыланды

4 Желтоқсан, 2014 18:14
Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Теректі колледжінде өткен дөңгелек үстелде әлеуметтік серіктестік, дуалды білім беру элементтерін енгізу, кәсіби және техникалық білім беруді дамыту және оның проблемалары талқыланды.

Батыс Қазақстан облысында Дуалды білім беру картасына 14 колледж енгізілген. БҚО кәсіпкерлері 2015 жылы олардың санын 17 жеткізуді көздеп отыр. Дуалды білім беру элементтерін енгізуде әлеуеті жоғары колледждердің қатарында Теректі колледжі де бар.

Өндірісті және ауылшаруашылығы саласының білікті мамандарын даярлау аймақ  экономикасын дамытудағы күн тәртібіндегі басты мәселе. Осы ретте дөңгелек үстел жұмысына мемелеткеттік органдардың өкілдері, білім беру басқармасы  мамандары мен кәсіпкерлер белсенді қатысты, деп ҰКП хабарлады.

Келелі отырыстың басты тақырыбы «Колледждердің мамандарды даярлау барысында әріптестігін дамыту» болды.  Шара барысында сөз сөйлегендер әлеуметтік серіктестікті дамыту, дуалды білім беруді енгізу және білікті мамандарды даярлау қажеттілігі туралы айтты.

Ал, шаруақожалықтарының қожайындары аграрлық секторға жұмысшы кадрларды даярлауды жетілдіру  қажеттілігін көтерді. 

Барлық жаңалықтар