Брест қаласында «Қазақ киносының апталығы» ашылды

4 Желтоқсан, 2014 19:17
Брест қаласында ҚР-ның Беларусь Республикасындағы Елшілігі мен Консулдығының ұйымдастырумен «Қазақ киносының» апталығы ашылды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан Елшісі Ерғали Бөлегенов шара Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталғандығын айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшының Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына қосқан үлесі туралы айтты. Қазақстан Елшісі өз сөзінде Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа  бастар жол» атты Жолдауына көп көңіл бөлді.

Өз кезегінде Брест облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары А.Клец Н.Назарбаевтың ел егемендігіндегі аса маңызды рөлін атап, нарық қарым-қатынасының орнығуы, әлеуметтік  тұрақтылықтың  орын алуы, халықаралық серіктестермен өзара тиімді әрі ыңғайлы қатынас орнатқанын да атап өтті. «Елбасы Н.Назарбаев тұрақтылық пен демократизацияның негізі екенін атап өтті», - деді ол.

«Қазақ киносының апталығы» «Елбасы жолы» киноэпопеясының «От-өзен» көркем фильмінен басталды. Онда Елбасының қалыптасу жолы, тұлғаны дайындау кезеңі көрсетілген. Кинокартина көрермендердің жылы лебізіне ие болды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, көрермендерге ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған фотокөрме ұсынылды. 

Барлық жаңалықтар