• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды

Астанада «Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды

4 Желтоқсан, 2014 15:33
Елордада «Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау құрметінің рәсімі өтті, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Тұңғыш рет байқау қорытындысын шығару рәсімі өңірлермен бейнеконференция байланысы арқылы өтіп, оған партияның өңірлік және аумақтық филиалдары қоғамдық қабылдауларының жетекшілері қатысты.  

Жеңімпаздарды анықтауда мынандай өлшемдер есепке алынды: өтініштің қаралу мерзімінің сақталуы, өтініш білдірушілердің қоғамдық қабылдаулар жұмысына қанағаттануы, оң шешілген өтініштердің үлес салмағы, ағымдағы жылдағы азаматтармен өзекті мәселелерге  орай өткен тақырыптық қабылдауларды салыстыру, азаматтарды қабылдау мен өтініштердің «электрондық қоғамдық қабылдау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне дер кезінде тіркеу, «электрондық қоғамдық қабылдау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтердің толық және орынды енгізілуі.

«Партияның қоғамдық қабылдауларында жұмыс істеудің жаңа жүйесі енгізілетін болады. «Электрондық партия» жобасы шеңберінде жазбаша өтініштер мен азаматтарға ауызша кеңес беру бойынша есеп бөлімі енгізілмекші. Кеңес берулер біздің партиялық жобалардың тақырыбы бойынша жүргізіледі. Меморгандардың азаматтардың өтініштерін қарауын қадағалау партиялық бақылау комитеті мен «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі және мәслихаттардағы фракция мүшелерінің қатарынан тағайындалған партиялық кураторлар арқылы іске асырылатын болады. Бүгін біз қоғамдық қабылдаулар жұмысының рейтінгін жариялап отырмыз. Қоғамдық қабылдауларды бағалаудың негізгі өлшемі – ақпараттардың нақтылығы мен жергілікті жерлердегі мәселелердің тиімді шешілуі», - деп атап өтті марапаттау салтанатында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Қаралған өтініштердің қорытындысы бойынша партияның өңірлік филиалдары арасынан «Нұр Отан» партиясының «Ең таңдаулы қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауының жеңімпаздары атанғандар:  

I орын  -  «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы;

II орын  - «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы;

III орын  - «Нұр Отан» партиясының Батыс-Қазақстан облыстық филиалы.

Партияның аумақтық филиалдары арасынан:

I орын  - «Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалы;  

II орын – Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара аудандық партия филиалы;

III орын – Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар аудандық партия филиалы;  

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар