- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Мәми сот жүйесінің ардагерлерімен кездесу өткізді
Қ.Мәми сот жүйесінің ардагерлерімен кездесу өткізді
Жоғарғы Сот Төрағасы арадагерлер мен жиынға қатысушыларды алда келе жатқан мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Тәуелсіздік – Қазақстан халқының ең басты байлығы әрі ең қасиетті құндылығы. Тәуелсіздіктің арқасында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен еліміз қысқа тарихи мерзімде демократиялық, құқықтық және экономикасы дамыған мемлекет құра алды», - деді Жоғарғы Сот Төрағасы.
Сот жүйесі де еліміздің дамуына өз үлесін қосуда. Қазақстан соттары тұрғындардың күн санап артып жатқан сұраныстары жағдайында сот төрелігін іске асыруда құқық үстемділігін сақтауды қамтамасыз етуде. Бұған дәлел - жыл сайын соттарда шамамен бір миллионға жуық істің қаралуы.
Қ.Мәми ардагерлерге сот жүйесін дамыту жөнінде қолға алынып жатқан іс-шаралар туралы әңгімелеп берді. Бұлар – электронды сот өндірісін енгізу, төрешілдік рәсімдерді азайту, соттардың материалдық-техникалық базасын нығайту, судьяларды әлеуметтік қолдау, заңнамалық базаны жаңғырту, соның ішінде Азаматтық іс жүргізу және Әкімшілік кодекстердің жаңа нұсқаларын әзірлеу бойынша жүргізілген жұмыстар. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңарған қылмыстық заңнаманың жұмыс істейтіндігі ерекше аталып өтілді.
Кездесуде Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай, сот жүйесінің ардагерлері Марат Нұрбеков пен Светлана Баймұханова сөз сөйледі.
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы -
Сот-сараптама реформалары: сот дәрігерлерінің еңбекақысы, мәйітхана ғимараттары мен жаңа Заң жобалары -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Зейнетақы жүйесінің дамуы: Қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Сот жүйесінің реформасы және өзекті мәселелері -
Түзету мекемелерінде сотталғандармен жұмыс қалай жүргізіледі -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті