- Басты
- Жаңалықтар
- Жасұландықтар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап концерт қойды (Фото)
Жасұландықтар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап концерт қойды (Фото)
«Біздің балаларымыз жасұландықтардың концертін ризашылықпен жылы қабылдады. Медициналық персонал олардың орындаушылық деңгейі мен бағдарламаның жанрлық әртүрлілігіне жоғары баға берді», – дейді концертті тамашалаған дәрігер-нейрохирург Ибрагимбек Ғалиев.
«Бұл жас өнерпаздардың бірінші концерттік бағдарламасы еместігі көрініп тұр, сол себепті олар концертке үлкен жауапкершілікпен дайындалып келген екен. Өз кезегінде біз де қарыздар боп қалған жоқпыз, әрбір өнерпаздың өнеріне қол шапалақтаумен құрмет жасадық», - дейді аға медбике Зинаида Карабанова.
Ұландар Шыңғыс Мейрамов, Ержан Жетесов, Мәди Рыспаев және Әлібек Медетовтер орындаған «Астана», «Туған жер», «Мир вам, люди!» әндері жас пациенттердің көзайымна айналды. «Біз концерт алдында үлкен толқуда болдық. Көрермендердің көңілінен шыға аламыз ба деген күдігіміз де болды. Алайда, оның барлығы бекер болып шықты. Балалар да, ересектер де концерттік бағдарламаға ризашылық білдіріп, шын жүректен қол шапалақтады», - дейді 4 оқу ротасының ұланы Темірлан Марксов.
Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі 1999 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған. «Жас ұлан» мектебі Қазақстандағы 7 сыныптан 11 сыныпқа дейін оқытатын бірден бір әскери оқу орны болып табылады. Оқушылар бұл жерден мектеп пәндерімен қоса әскери тәртіпті де игеріп шығады. Бүгінде ҚР Қарулы Күштері сапында 200-ден астам «Жас ұлан» түлектері әртүрлі офицерлік лауазымдарда қызмет атқаруда. Биыл мектеп өзінің 15 жылдығын атап өтті.
-
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Ұлт саулығы Ұлттық кеңестің назарында -
Науқас балаларға донор табу: негізгі проблемалар қандай -
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі -
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды -
Балаларға арналған демалыс және бейімдеу орталықтарын ұйымдастыру бойынша жобалар акселерациядан өтті -
Антикор мен «Әділдік жолы» бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды -
Алматыда балаларға тегін қосымша білім беруге көңіл бөлінбек