• Басты
  • Жаңалықтар
  • Барселонада «Транстелеком» мен Hewlett-Packard стратегиялық ынтымақтастығы талқыланды (ФОТО)

Барселонада «Транстелеком» мен Hewlett-Packard стратегиялық ынтымақтастығы талқыланды (ФОТО)

4 Желтоқсан, 2014 12:07
Бүгін жыл сайынғы HP Discover Barcelona 2014 халықаралық көрме конференциясында «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы Нұрәлі Әлиев Hewlett-Packard (HP) корпорациясының Басқарма төрағасы Мэг Уитменмен және Орталық және Шығыс Еуропа бойынша HP өндірістік тобының бас менеджері және вице-президенті Герберт Растбихлермен кездесті, деп хабарлады transtelecom.kz.

Кездесу барысында Барселонада  «Транстелеком» мен Hewlett-Packard арасындағы стартегиялық ынтымақтастықты одан ары дамыту мәселелері қаралды. НР корпорациясы Қазақстанның телекоммуникация нарығын одан ары дамыту үшін инновациялық технологиялар саласында (ИТ) ірі жобаларды жүзеге асыруға, сонымен қатар «Астана ЭКСПО-2017» аясында инновациялық технологиялырды енгізуге атсалысуға қызығушылық танытты. HP басшылығының пайымынша «Транстелеком» АҚ ілкімді жобаларды іске асыруда сенімді серіктес бола алады,  деп порталдан хабарлады.

Нұрәлі Әлиев атап өткендей, «Транстелеком» АҚ стартегиялық ынтымақтастықты одан ары дамытуға және оның кеңестігін кеңейтуге мүдделі. «Серіктестікке әлемге аты танылған компанияларды тарту біздің компаниямыздың стартегиялық талаптарына толығымен жауап береді», - деп атап өтті Н. Әлиев.

Бұдан басқа,  «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасы Н. Әлиев  HP Discover Barcelona 2014 конференциясына қатысты. Оған  ИТ кәсіпқойлары, архитекторлар мен сарапшылар қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, энегродиспетчерлік тартудың автоматтандырылған басқару жүйесі (ЭДТ АБЖ) жобасын іске асыру аясында НР және «Транстелеком» компаниялары ірі REMS CENTRAL жобасын енгізу бойынша 13 жылдық келісімшартқа отырды. Бастама сәтті қолға алынып, қазіргі таңда жұмыс жүріп жатыр.

Айта кетерлігі, «Транстелеком»АҚ - телекоммуникациялық қызмет және ақпараттық коммуникациялық қызметтің кең спектріне маманданған Қазақстандағы ірі байланыс операторларының бірі.

HP (Hewlett-Packard) корпорациясы - ақпараттық технология саласындағы ірі америкалық компания. Ұйымдар мен жекелеген тұтынушыларға аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысады. HP инфрақұрылым, мәліметтерді басқару салаларында дүниежүзілік көшбасшы саналады. 

Барлық жаңалықтар