• Басты
  • Степногорскте қуаттылығы жылына 180 мың тоннаға жететін күкірт қышқылы зауытын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
4 Желтоқсан, 2014 12:38

Степногорскте қуаттылығы жылына 180 мың тоннаға жететін күкірт қышқылы зауытын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Степногорск қаласында қуаттылығы жылына 180 мың тоннаға жететін күкірт қышқылы зауытының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».
Степногорскте қуаттылығы жылына 180 мың тоннаға жететін күкірт қышқылы зауытын  қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

«Республикалық Индустрияландыру картасына енгізілген ірі инвестициялық жобалардың бірін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жүзеге асыруда. Құрылыс монтаж жұмыстары аяқталып қалды, жақын арада іске қосылады», - делінген хабарламада.

Жобаны жүзеге асыру мына проблемаларды шешуге мүмкіндік береді: уран өндіретін «Қазатомөндіріс» АҚ  күкірт қышқылымен қамтамасыз етеді және осылайша күкіртті қайта өңдеу проблемасын шешеді, Каспий маңындағы экологиялық ахуалға жағымсыз әсері жойылады, химия өндірісін дамыту күкіртті қайта өңдеу және заманауи технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Аталып өткендей, құрылыс барысында 300 жаңа жұмыс орны ашылды, зауыт іске қосылғаннан кейін тұрақты 140 жұмыс орны болады.  

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысының Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 717 млрд теңгесінің  63 жобасы енгізілген және олар 30 мың тұрақты жаңа жұмыс орнын ашуға септігін тигізетін болады.  

Барлық жаңалықтар