- Басты
- Жаңалықтар
- Энергетика министрлігі 2015 жылдың мамырында Мәжіліске «Жасыл экономика туралы» заңды енгізеді
Энергетика министрлігі 2015 жылдың мамырында Мәжіліске «Жасыл экономика туралы» заңды енгізеді
«Өткен жылдың мамыр айында Мемлекет басшысының бұйрығымен ҚР «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасы қабылданды. Үкіметтің қаулысымен оны жүзеге асырудың шаралар жоспары қабылданды. Үкімет «Жасыл экономика туралы» заң дайындауда. Ол тұжырымдамада қабылданған «жасыл» индикаторларды ескере отырып қолданыстағы кодекстер мен заңдарға өзгерістер енгізеді. Нақтырақ айтар болсақ, заң жобасының тұжырымдамасы бөлімдерінің бірі «Энергетикалық тиімділік, энергия үнемдеу, жасыл энергетиканы дамыту» деп аталады. Осы заң аясында қазіргі таңда әлсіз немесе жұмыс істемей тұрған заң нормаларын түзете аламыз», - дейді Соспанова.
Оның айтуынша, заң жобасы 2015 жылға дейін дайындалып, сол жылдың мамыр айында Мәжіліске енгізілмек.
«Қазақстанда парниктік газ қалдықтарына сауда квотасы жүйесі енгізіліп, квотаны сатып алу мен сату бойынша алғашқы келіссөздер жүргізілді. Бұл елде экологияны жаңғырту жұмыстарының бар екенін көрсетеді және осынау жаңалықты пайдалана отырып ескі құрылғыларды жаңартуға да мүмкіндік тумақ. Осылайша өндірісті барынша үнемді етіп, жұмысты коммерциялық тұрғыда пайдасын арттыруға да жол ашылмақ», - дейді департамент директоры.
Камила Амирова
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті