- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның энергия теңгеріміндегі ЖЭК-тің үлесі 2024 жылға қарай 5%- ға жетеді - Өскенбаев
Қазақстанның энергия теңгеріміндегі ЖЭК-тің үлесі 2024 жылға қарай 5%- ға жетеді - Өскенбаев
«Бүгінгі таңда Қазақстанда жаңартылған энергия көздерін іздестіру маңызды мәселеге айналуда. Алайда Қазақстанның энергобалансындағы жаңартылған энергия көздерінің үлесі 1%-ға жетер жетпес. Осы ретте ұлттық баңдарламаларға сай Қазақстанның энергобалансындағы ЖЭК-тің үлесін 2024 жылға қарай 5%-ға жеткізу көзделуде»,- деді Қ.Өскенбаев.
Сонымен қатар вице-министр атап өткендей, ағымдағы жылдың мамыр айында Үкімет жаңартылған энергия көздері шығаратын энергияға бекітілген электр энергия тирифінің көлемін белгіледі. «Ол 15 жылға есептелген және жыл сайын инфляция деңгейіне байланыстын теңестірілетін болады. Бекітілген тарифке сәйкес Үкімет жаңартылан энергия көздерінің өндіретін энергиясын дәстүрлі энергия көздерімен салыстырғанда 2-3 есе қымбат бағамен сатып алады, ол кәсіпкерлерге оның өнімдеріне деген сұранысты кепілдендіреді»,- деді ол.
Бұдан басқа, Үкімет өз үйшаруашылығында жаңартылған энергия көздерін пайдаланғысы келетін қазақстандықтарға оны тартуға кететін шығынның 50% субсидиялайтын болады. «Бүгінде жасыл құрылысқа қажетті дәрежеде көңіл бөлген жөн. Ол экономикалық тиімділікті арттырып қана қоймай, ұлттық технология және құрылыс нарығының дамуына серпін береді және ұлттың денсаулығына оң әсер етеді», - деп мәлімдеді вице-министр.
Айта кетерлік жайт, «Қазақстан-2050» стратегиясы мен өзге де бағдарламалық құжаттарда 2025 жылға қарай баламалы және жаңартылған энергия көздерінің үлесін 50%-ға жеткізу міндеті тұр. Сонымен қатар, ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2008 жылмен салыстырғанда 2015 жылға дейін 10%-ға, 2020 жылға дейін 25%-ға дейін төмендету көзделген.
Камила Амирова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері