- Басты
- Жаңалықтар
- А.Баталов: Ғылым ауыл шаруашылығының тәжірибесінде қолданылуы тиіс
А.Баталов: Ғылым ауыл шаруашылығының тәжірибесінде қолданылуы тиіс
«Бұдан кейін жеті сайын бір ауданға шығып, аудан, қала активімен кездесуді мақсат етіп отырмын. Барған жерде ел-жұрт мәселе көтереді, сол көтерілген мәселелер бойынша іс-шаралар жоспары дайындалып, қандай көмек көрсетуіміз қажеттігі бақылауға алынған. Осы мәселелер аудан, қала әкімдерінен сұралатын болады», - дей келе, бірқатар кемшіліктерге де де тоқталып өтті.
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, тамшылатып суару және ылғал үнемдеу технологиясын қолдану деңгейінің төмендігін, тұқым шаруашылығын жетілдіру қажеттін, аграрлық салада теория мен практиканың ұштаспай жатқандығын, яғни ғылым мен өндірістің байланысын жандандыру және ол мезеттік қана емес, жүйелі байланыс болуы керектігін, кадр жетіспеушілік мәселелерін атап өтті. Сол сияқты мал бордақылау алаңдарының заман талабына сай болуы керектігі, қой шаруашылығын дамыту, алманың апорт сортын жандандыру туралы да сөз болды.
«Ғылыми - зерттеу институттарымен ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің жаңа технологияларын енгізу, жоғары сортты сапалы тұқымдарды пайдалану жөнінде тығыз ынтымақтастық орнату, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді пайдалану көлемін ұлғайту қажет.Асыл тұқымды мал үлесін ұлғайту жөніндегі селекциялық жұмыс жалғастырылсын, қой, жылқы шаруашылығын, ірі қара малдың етті бағытын дамыту жөніндегі бағдарламалардың жүзеге асырылуы жандандырылсын, сүт және ет өнімдерін өнеркәсіптік негізге ауыстыру шаралары қабылдансын», - деді облыс басшысы өз сөзінде.
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков жыл қорытындылары мен сала дамуының негізгі бағыттары туралы баяндама жасады.
Кездесу соңында облыс әкімі А.Баталов бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын тапсырды. Сол сияқты ауыл шаруашылығы кәсіпорындары арасында үздік шыққан Жамбыл ауданының "Р-Күрті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне және шаруа қожалықтары арасында бірінші орын тұғырынан көрінген Кербұлақ ауданының «Ақбастау» шаруа қожалығына «ВАЗ 21214-187» автокөліктерін тарту етті.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
БҚО: Ауыл шарушалығы, білім, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері мен өңірдегі эпидахуал -
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі -
Ғылым мен ақындықты ұштастырған ұстаз -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер