- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының әкімі студенттерге ел дамуының басым бағыттары туралы әңгімеледі
Қызылорда облысының әкімі студенттерге ел дамуының басым бағыттары туралы әңгімеледі
«Облыс әкімі әлемдегі орын алып жатқан оқиғаларды сараптап, өз елімізбен және өңірімізбен байланыстырды. Әсіресе, миграциялық процесстердің белең алуы, дүние жүзінде жүріп жатқан урбандалу процесі, әлемдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық сияқты мәселелерге баса назар аударды», - делінген хабарламада.
Дәрістің мақсаты – жастарға осы өзгерістер туралы мәлімет беріп, оның ел мен өңірдің өміріне, түптеп келгенде әрқайсымыздың жеке тіршілігімізге тигізер әсері туралы ой салу. Соған қарай бой түзеп, өздерінің кәсіби, іскерлік және шығармашылық жоспарларын құруға бағыттау, белсенді әрекетке ынталандыру.
Сонымен қатар облыс әкімі Елбасының «Нұрлы Жол» атты жаңа экономикалық саясатының негізгі бағыттары мен ондағы ұсынылған шаралардың маңыздылығына тоқталды.
« Біз бұл сараптамада әлемнің алдыңғы қатарлы болжау орталықтары және даму мәселелерімен шұғылданатын мамандардың пікіріне иек арттық. Ол түрлі есепке сүйенген жорамалдар мен сценарилердің, анықтала бастаған трендтер мен күшейіп келе жатқан факторлардың жиынтығы. Әрине, болашақты дөп басып болжау мүмкін емес. Түптеп келгенде, келешек қазір айтылып жүрген түрлі сценарилердің қосындысынан тұрады. Бірақ ертеңгі күннің негізгі қауіп-қатерлерінің алдын алу, олар туғызған мүмкіндіктерді толық пайдалана білу – бізге парыз», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Аймақ басшысы дәрісін «Өскелең ұрпақ жаңалық пен білімге құштар, ұлтқа жанашыр, адамгершілікке жақын, досқа адал, шаруаға мығым болса, тәуелсіз елдің де ұпайы түгел болады» деп қорытындылады.
Кездесу соңында студенттер аймақ басшысына өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді