- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан,Иран және Түрікменстан Елбасылары «Өзен-Берекет-Гөрган» теміржолының ашылуына қатысты
Қазақстан,Иран және Түрікменстан Елбасылары «Өзен-Берекет-Гөрган» теміржолының ашылуына қатысты
Акяйла стансасына келген мемлекет басшыларына «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» жаңа теміржол магистралі таныстырылды.
Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі барысында сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев үш ел президенттерін теміржол құрылысының аяқталуымен құттықтады.
« Біз жолдың қазақстандық бөлігін былтыр Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен бірге салтанатты түрде іске қостық. Енді бұл магистраль үш елді жалғайтын болады», – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы халықаралық магистральді іске қосу өңір экономикасы үшін жаңа перспективалар ашатынын айтты.
« Біздің мемлекеттерімізде өңірлік нарық пен Азия нарығына бағдарланған өндірістің маңызы артады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті біздің республиканың теміржолдары арқылы бүкіл өңір Ресеймен және Қытаймен экономикалық ынтымақтасу мүмкіндігіне ие болатынын еске салды.
Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов өз кезегінде жаңа теміржол магистралінің өңірдегі елдер үшін зор экономикалық және әлеуметтік мәні бар екенін айтты.
« 7 жыл ішінде орасан жұмыс атқарылды. Енді бұл жол тату көршілестік пен достық қарым-қатынастардың өркендеуі мен нығаюына қызмет ететін болады», – деді Түрікменстан Президенті.
Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани өңір елдерінің арасында ынтымақтастықты жолға қоюдың, өзара сауданы дамыту үшін қажетті жағдай жасаудың өзектілігіне тоқталды.
« Үш елдің арасында коммуникацияларды дамыту қажет. Бұл теміржол үш мемлекетті ғана жалғастырып қоймайды, сонымен қатар Парсы шығанағына, Ресей мен Қытайға шығар жолды қамтамасыз етеді», – деді Хасан Рухани.
Бұдан кейін Түрікменстан мен Иранның шекарасында үш ел президенттерінің қатысуымен түйістіруші «алтын төсемді» қою рәсім өтті.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар