Қазақстан мен Ресейдің әскери полициялары Астанада тәжірибе алмасуда

3 Желтоқсан, 2014 18:39
ҚР мен РФ әскери полиция органдарының үш күндік жұмыс кездесуі биылғы жылға арналған екі елдің қорғаныс ведомстволары арасында ынтымақтастық жоспары аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

ҚР ӘК әскери полициясы бас басқармасының басшысы полковник Тимур Дәндібаев жұмыс кездесуі қатысушыларына Қазақстанның әскери полициясы органдарының құқықтық негізі, міндеттері мен құрылымы туралы айтып берді.

«Қазіргі таңда әскери полиция құық қорғау органдары арасында өзіндік орнын белгілеп, мемлекеттің құқықтық саясатында өз міндеттерін атқаруда. Оның жұмысы қылмыстық заңнаманы гуманизациялау. Әскери полиция органдарының мойнына тәртіп сақтау мен әскери тәртіпті орнату міндеттемелері жүктелген». - деді.

Дәндібаев Әскери Күштер жүйесіндегі әскери полицияның орны мен рөлін айтып, қызметтік жұмыстардағы кездесетін кейбір мәселелерге тоқталды.

Шара барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери полициясы өкілдері әскери полиция қызметкерлерін дайындау мен кәсіптік шыңдау саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибемен алмасуда.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ӘК әскери полиция органы 1997 жылы Мемлекет басшысының «ҚР құқық қорғау органдары жүйесін ары қарай реформалау шаралары туралы» Қаулысымен құрылған еді.

Барлық жаңалықтар