• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат комитетінде энергия үнемдеу туралы заңнамаға енген түзетулер қаралды

Сенат комитетінде энергия үнемдеу туралы заңнамаға енген түзетулер қаралды

3 Желтоқсан, 2014 18:24
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің комитеттің кеңейтілген отырысында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң жобасы қаралды.

Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, заң жобасы энергия тиімділігін арттыру тетіктерін жетілдіру және өндірісте және энергетика ресурстарын пайдалану саласында энергия тиімділігін арттыру технологияларын қолдану мақсатында әзірленген болатын.

Құжатта энергия сервистік, энергияға аудит жүргізетін ұйымдардың және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін ұлғайту саласына мамандар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталықтарының қызметі реттелді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тіркеу мәселелері бойынша ережелер жақсартылды.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

 

Барлық жаңалықтар