- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай облысында мүгедектерді бейімдеуге арналған әлеуметтік жобалар ашылды
Қостанай облысында мүгедектерді бейімдеуге арналған әлеуметтік жобалар ашылды
«Біздің облысымызда 26 мыңдай мүгедек бар. Солардың арасында 18 мыңы еңбекке жарамды жастағы азаматтар. Дегенмен солардың тек 25 пайызы ғана жұмыспен қамтылған. Кейбірінің еңбекке құлқы болмаса, енді бірінің мүмкіндігі жоқ. Дегенмен біздің міндетіміз әркімнің қоғамда өз орнын тауып жұмыс істеуіне жол ашу. Биыл біз 236 мемлекеттік мекемені мүгедектердің кіріп-шығуы мен ішін аралауға ыңғайлы еттік. Барлық әлеуметтік нысандар мүгедектер үшін қолайлы және қолжетімді болуына жұмыс істейміз», - дейді әкім.
«Мүгедектер бірлестіктері ішінде көпшілік азаматтар 20 жылдай уақыт бойы еңбек етуде. Олар өндіріс орындарына да үлестерін қосуда. Атап айтар болсақ, мұндай бірлестіктер Қостанай, Рудный қалаларында, Қарабалық ауданында бар», - дейді әкім кеңесшісі.
Облыс әкімінің айтуынша, егер ұйым 100-ден астам адамның басын қосып жұмыс істеп отырса, оларды қолдаудың барлық шараларын қолға алу керек.
«2015 жылы Қостанай ауданындағы «Золотой колос» базасын жөндеуді тапсырамын. Дене шынықтыру және спорт басқармасы жетекшілігі Қостанай қаласы бойынша клуб туралы ұсыныстарын айтсын. Сонымен қатар, қолда бар клубтарды пайдалану жағын да пысықтау керек. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолжетімді болғаны абзал», - дейді облыс әкімі.
Сондай-ақ, Қостанай облысында азаматтық қоғам белсенділері өңір әкімі Нұралы Сәдуақасовпен кездесу барысында мүгедектерді бейімдеу мен сауықтыруға бағытталған әлеуметтік жобаларын таныстырды. Аталмыш бастама әкімдіктің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен дайындалған болатын.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды