Бюрода Сенат отырысының күн тәртібі талқыланды

3 Желтоқсан, 2014 16:37
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Бюро отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  Халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту мәселелері бойынша өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын одан әрі пысықтау үшін бас комитет болып белгіленді.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

Бюро отырысында Сенаттың 2014 жылғы 11 желтоқсанда болатын отырысының күн тәртібі белгіленді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар