- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Жақсыбеков: Бизнестің дамуы - Астана экономикасының табысты болуының кепілі
Ә. Жақсыбеков: Бизнестің дамуы - Астана экономикасының табысты болуының кепілі
«Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев аталған келісімге қол қою арқылы елордада кәсіпкерлікті дамытудың институционалдық негізін құруға бағытталған өзара ықпалдасу тәртібін бекітті», -делінген хабарламада.
Келісім аясында Астана әкімдігі мен Ұлттық палата отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүйелі шараларды қабылдап, кәсіпкерлік саласының анағұрлым өзекті мәселелерін бірлесе қарастырып, шешетін болады.
«Бизнестің дамуы - экономиканың табысты болуының кепілі екендігі баршамызға белгілі. Мемлекет басшысы өзінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты жолдауында еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Кәсіпкерлік – ел экономикасының тұрақты дамып келе жатқан салаларының бірі. Халықтың әлеуметтік жағдайының артуы, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі, тиісінше әлеуметтік ахуалдың жақсаруы кәсіпкерліктің қарқынды дамуына тікелей байланысты», - деді елорда басшысы.
Бүгінгі таңда Астана халқының саны 845 мыңнан астам адамды құрап отыр. Соның ішінде экономикалық белсенді азаматтар саны 453 мың болса, оның жартысына жуығы шағын және орта бизнес саласында еңбек етуде (49 %, немесе 212 мың адам).
2010-2014 ж.ж. арналған үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Астанада жалпы сомасы 445,6 млрд. теңгені құрайтын 26 жоба іске қосылды. 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.
«Өкінішке қарай, бүгінгі таңда бизнес пен биліктің арасында қол жеткізген оң нәтижелерге қарамастан, проблемалар да жоқ емес. Соларды шешу үшін біз осы құжатқа қол қойдық. Бізге бизнес ахуалды жақсарту мәселесінде бірлесіп жұмыс істеу қажет. Астана әкімдігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы бүгінгі Келісім көптеген проблемаларды шешуде, әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуда, сонымен қатар ортақ жобаларды іске асыруда пәрменді құралға айналады деп санаймын», - деп атап өтті Ә. Жақсыбеков.
Тараптар бүгінгі келісімнің Астанада шағын және орта бизнеске арналған көпфункционалды өндіріс кешенін, өңірлік сауда орталығын құруға, жер учаскелерін бөлуге, жалпы бизнесті дамыту картасын әзірлеуге негіз бола алады деп атап өтті.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері