- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі сегізінші рет әлем чемпионы атанды
ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі сегізінші рет әлем чемпионы атанды
Осы жылдың 20-24 қараша аралығында Германияның Гамбург қаласында өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз екі кір тасын 146 рет серпе, 200 рет жұлқа көтеріп, (әлем рекорды) Әлем чемпионы атанды.
Екінші орынды ресейлік спортшы Андрей Кравцов иеленді. Жарысқа әлемнің 38 елінен сегіз жүзден астам спортшы қатысқанын атап өткен жөн. Қазақстан Республиксының құрама командасы Ресей құрамасына жол беріп, жалпы командалық есепте екініші орынды иеленді.
Спортшының айтуынша, ол кір тасын көтеру спортымен 15 жасынан бастап айналысып келеді. Әскери қызмет пен спортты бірге алып жүру ол үшін еш қиындық тудырмайды. Ол: «Бізде спортпен айналысуға, қызмет пен спортты қоса алып жүруге басшылықтың қолдауымен барлық жағдай жасалған.
Сонымен қатар, әрбір әскери қызметші спортпен айналысуға тиісті деп есептеймін. Мейлі, ол кәсіби спортшы болмай-ақ қойсын, міндетті түрде жарыстарға қатысу да шарт емес, бірақ, спортпен шұғылдануға міндетті», деп есептейді. Қазір В. Диденко 2015 жылы өтетін Әлем чемпионатына дайындалуда.
«Маған биылғы жарысқа қатысу айтарлықтай қиыншылық туғызған жоқ. Жеңісті бағындыру қиын болды. 2013 жылғы Әлем чемпионатында ресейлік спортшы Андрей Кравцовқа жол беріп, екінші орын алған едім. Биыл мен бірінші орынға көтерілсем, ол екінші орынды бағындырып отыр. Әзірге есеп 1-1» – дейді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты