- Басты
- Жаңалықтар
- Мьянма Қазақстанмен туристік кластерді дамытуға қызығушылық танытуда
Мьянма Қазақстанмен туристік кластерді дамытуға қызығушылық танытуда
Марат Есенбаев Мьянма елордасы Нейпьидо қаласына сапары барысында Мьянма Одағы Республикасының Сыртқы істер министрі Вунна Маунг Лвинмен кездесті, деп хабарлады СІМ.
Қазақстан Елшісі Мьянма сыртқы саяси мекемесі басшысына Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидалары аясындағы болашағы туралы хабарлады.
Қазіргі уақытта қарқынды дамып отырған, мұнай мен газ, сонымен қатар минералды ресурстарға бай, 60 миллион халқы бар Мьянма халықаралық серіктестер және шетелдік компаниялармен инвестиция тарту бойынша тығыз әрекеттестік жүргізіп отыр. Аталаған мәнмәтінде Мьянма Одағы Республикасы Сыртқы істер министрі Вунна Маунг Лвин қазақстандық-мьянмалық қатынастың энергетика, инвестиця және туризм саласындағы әрі қарай дамуы әлеуетін көріп отыр.
Сонымен қатар, тараптар халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылап, БҰҰ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы, «Азия-Еуропа» форумы мен Азиядағы ынтымақтастық диалогы шеңберіндегі өзара қолдау көрсетуді көздеп отыр.
Делегацияның сапары барысында Қазақстан Елшісінің Мьянма Туризм федерациясының төрағасы Ян Винмен кездесуі өтті. Кездесу барысында туризм саласындағы өзара әрекеттестіктің болашағы талқыланды. Кездесу 2,5 млн. астан туристтерді қабылдайтын Мьянманың бұрынғы астанасы Янгон қаласында орын алды. Тараптар туристік саланы дамытудағы тәжірибе алмасу бойынша жоспарды талқылап, екі елдің туристік агенттіктердің сапарларын ұйымдастыру туралы келісіп, Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды көздеп отыр.
-
Инфографика: Білім және ғылым саласын дамытуға қандай тапсырмалар берілді -
Абай175: Ұлы ақын туғaн өңiр туристік нысанға айналды -
Алматыда туристік орындарға баруға шектеулер енгізілді -
Д.Рыспеков: Туристік инфрақұрылымды дамыту үшін 51,5 млрд теңгеге 44 жоба жүзеге асырылды -
Қазақстанда 2020 жылы туристік маусым бола ма -
Облыстардың бюджетінен тұқым шаруашылығын дамытуға 11,3 млрд теңге қарастырылған – А.Сапаров -
Ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту АӨК-ті дамытуға серпін береді — А. Мамин -
Жұмысқа деген қызығушылық басым болу керек, онсыз қиын болады – Ж.Ташмаханова -
"Рухани жаңғыру" бағдарламасына қызығушылық артып келеді - саясаттанушы -
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі еріктілер қызметін дамытуға шақырды -
Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі -
Президенттік жастар кадрлық резерві жобасының жеңімпазы: Ғылым саласын дамытуға үлес қосқым келеді -
Еуропалық Одақ Орталық Азияны дамытуға арналған бағдарламаларды қаржыландырады -
Еуропалық дипломаттар ЕО-ның Қазақстанмен ынтымақтастық әлеуетін жоғары бағалайды -
Astana Hub Шымкенттегі стартап кәсіпкерлікті дамытуға көмектеседі