• Басты
  • «Жас тұлпар» байқауының лауреаттарын Тәуелсіздік күні марапаттайды – Нұр Отан

«Жас тұлпар» байқауының лауреаттарын Тәуелсіздік күні марапаттайды – Нұр Отан

3 Желтоқсан, 2014 12:06
«Жас тұлпар» республикалық байқауына өтініш қабылдау мерзімі аяқталды, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы.

Ұйымдастыру комитетіне 230 өтініш түсті. Құжаттарды қабылдау рәсімінің 2014 жылдың 31 қазанында басталып, тура бір ай жалғасқанын айта кеткіміз келеді.

«Жас тұлпар» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты Астанада, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні қарсаңында өтеді.

Еске сала кетейік, Тәуелсіздік күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы қазақстандық патриотизмді дамытуға елеулі үлес қосқан дарынды, белсенді жастарға қолдау көрсетуге бағытталған «Жас тұлпар» республикалық байқауының басталғаны туралы жариялайды.

«Жас тұлпар» сыйлығы Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге, жастардың жан-жақты дамуына және мемлекеттік тілді, мәдениетті, өнерді, әдет-ғұрыпты, жастар ортасында тарихи мұраны  дәріптеуге, Қазақстанның жас патриоты образын, сондай-ақ шетелде Қазақстанның беделін арттыруға үлес қосқан қазақстандықтарға беріледі.

Жоғары кәсіби нәтижелерге қол жеткізген 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады.

Сыйлық мынадай бағыттар бойынша беріледі:

- мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін;

- білім мен ғылым саласындағы жетістіктері үшін;

- әдебиет саласындағы жетістіктері үшін;

- спорт саласындағы жетістіктері үшін;

- мемлекеттік тіл саясаты саласындағы жетістіктері үшін;

- азаматтардың қауіпсіздігі саласындағы кәсіби қызметі үшін; 

- қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ісіндегі қоғамдық-саяси белсенділігі үшін.

Сыйлық әрбір номинация бойынша 1 миллион теңге мөлшерінде беріледі.

Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтарды беру Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады, оның құрамына партияның Саяси кеңесінің мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, республикамызға танымал қоғам қайраткерлері, үкіметтік  емес ұйымдардың басшылары кіреді.

 «Жас тұлпар» қозғалысының мерейтойын мерекелеу шеңберінде 2013 жылы «Нұр Отан» партиясы осы қозғалыс атындағы сыйлықты тағайындаған еді. 2013 жылы «Жас тұлпар» сыйлығының лауреаттары мыналар болды: актер Нұрлан Әлімжанов,  әнші Артур Сулейманов (лақап аты –  Emir Franc), бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусінов, 2013 жылы Ақтөбеде төрт баланы өрттен аман алып қалған өрттен құтқарушы Еркін Бейсекенов, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі әнші Ибрагим Ескендір, Лондон олимпиадасы кезінде оның орындаған «Көк тудың желбірегені» әні естен кетпейтін әсер қалдырды, шахматшы, оқушылар арасында ең мықты шахматшы атағын жеңіп алған Жансая Әбдімәлік, ол 12 жасында гроссмейстер атанды, Шымкенттің учаскелік инспекторы Тұрар Артықбаев, 2009 жылы қызметтік борышын орындау кезінде кеудесін оққа тосып, жанкешті ерлігімен адамды қылмыскердің оғынан аман алып қалды. 

Барлық жаңалықтар