- Басты
- Жаңалықтар
- «Expo Milano 2015» халықаралық көрмесіне Қазақстан атынан бас комиссар тағайындалды
«Expo Milano 2015» халықаралық көрмесіне Қазақстан атынан бас комиссар тағайындалды
3 Желтоқсан, 2014 11:04
Ануарбек Мусин «Expo Milano 2015» халықаралық көрмесіне Қазақстан Республикасы атынан бас комиссар болып тағайындалды. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
1928 жылдың 22 қарашасындағы Халықаралық көрмелер туралы Конвенцияның 13 бабына сай, көрмеге қатысып жатқан кез келген мемлекет үкіметі Үкіметтегі өзіндік мүдделерін қорғау үшін секцияның бас комиссарын тағайындауы керек. Бас комиссар өз елінің мүддесін қорғау бойынша жауапкершілікті мойнына алады.
Айта кету керек, бүрын Мусин «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ көлік және тасымал департаменті директоры лауазымында болған.
Естеріңізге сала кетейік, EXPO-2015 дүниежүзілік көрмесі 2015 жылдың 1 мамыры мен 31 қазаны аралығында өтеді. Көрменің жалпы ауданы 1,7 млн шаршы метр. Шараға 29 млн қонақ келеді деп күтілуде.
Көрме тақырыбы – «Жер шарын қоректендіру, өмір қуаты». ЭКСПО-2015 елдегі кісі қызығарлық құндылықтарды паш ететін бірден бірі әмбебап шара.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі