Алматыда инновациялық грант бойынша форум өтеді

3 Желтоқсан, 2014 10:49
Алматыда 2014 жылдың 8 желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін инновациялық кластерді іске қосу аясында инновациялық грант бойынша форум өтеді, деп хабарлады Инвестиция және даму министрлігі «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік» АҚ.

Ұлттық агенттікте хабарлағандай, форум инновациялық гранттардың әлеуеті туралы ақпараттандыру, гранттарды ұсыну механизмі, гранттарды ұсыну бойынша ережелердің ауысуы туралы ақпараттандыру мақсатында өткізіледі.

Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау көрсету бойынша бірыңғай алаңда сарапшылар бас қосады, ұлттық даму институтының өкілдері, грант алушы стартапшылар мен өзге қызығушылық танытушы тұлғалар қатысады. 

Барлық жаңалықтар