• Басты
  • Жаңалықтар
  • Азық-түлік корпорациясы тұқым сатып алуға АШТӨ қаржыландыру арқылы форвардты жолмен бидай сатып алуды жүзеге асыруда

Азық-түлік корпорациясы тұқым сатып алуға АШТӨ қаржыландыру арқылы форвардты жолмен бидай сатып алуды жүзеге асыруда

3 Желтоқсан, 2014 10:18
2015 жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді (АШТӨ) қолдау мақсатында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ егуге жарамды бидай тұқымы мен бидай сатып алуға аграрияларды қаржыландыру арқылы форвардты жолман бидай сатып алуды бастады, деп хабарлады ҚазАгро.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін (АӨК субъектілері)  қаржыландыру 1 га егіс алаңына 6 000 теңге есебінен (алдын ала төлем) жүзеге асырылады.

«Форвардты жолмен сатып алудың негізгі шарттары:міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдемелерін беру,АӨК субъектілерінің 2014 жылғы форвардты жолмен сатып алу шарттары бойынша өз міндеттемелерін толық орындауы», - делінген хабарламада.

Корпорацияның және/немесе «ҚазАгро» холдингі» АҚ және  өзге қаржы ұйымдарының алдында мерзімі өткен міндеттемелердің болмауы.

Аталған бағдарламаға қатысатын АӨК субъектілерінің тізімін облыстардың әкімдіктерінің жанындағы облыстық Үйлестіру кеңестері жасайды.  

АӨК субъектілерінің міндеттемелерін орындауы Корпорация айқындайтын алдын-ала төлем сомасының және сатып алу бағасының негізінде белгіленетін көлемдегі бидайды жеткізу арқылы 2015 жылдың 1 қарашасын қоса алғандағы мерзімге дейін жүзеге асырылады.    

Барлық жаңалықтар