Қызылордалық темір жол қызметкерлері жаңа пәтерге ие болды

3 Желтоқсан, 2014 10:03
Арал ауданындағы Сексеуіл елді мекенінде жаңадан бой көтерген 2 пәтерлі 8 қызметтік тұрғын үй кілті темір жол саласы қызметкерлеріне табысталды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жаңа қонысқа ие болған қызметкерлерді «Қазақстан темір жолы» АҚ Қызылорда темір жол бөлімшесінің басшысы Амангелді Арысбаев, СК Базис компаниясы №2 филиал директоры Марат Көпешов және аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов құттықтады.

Тұрғын үй салу жұмысы мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта жаңару мен жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жалғасады.

 

 

Барлық жаңалықтар