• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат Қазақстан мен Беларусь азаматтарының екі ел аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялады

Сенат Қазақстан мен Беларусь азаматтарының екі ел аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялады

2 Желтоқсан, 2014 18:19
Сенат комитетінде Қазақстан мен Беларусь азаматтарының екі ел аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында«Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Беларусь Республикасының аумағында және Беларусь Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Келісім екі ел азаматтарының 30 күн ішінде құзыретті органдарында міндетті тіркеусіз тараптардың аумағында болуының жеңілдетілген тәртібін белгілеуге бағытталған.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар