- Басты
- Жаңалықтар
- ІІМ алқа отырысында «Нұрлы жол» Жолдауындағы тапсырмалар қаралды
ІІМ алқа отырысында «Нұрлы жол» Жолдауындағы тапсырмалар қаралды

«Алқа жұмысына аумақтық ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар департаменттерінің, ведомстволық оқу орындарының басшылары, Ұлттық гвардияның өңірлік қолбасшылары, сондай-ақ еліміздің барлық қалалық, аудандық және желілік ішкі істер органдарының басшылары қатысты», - делінген хабарламада.
Ішкі істер министрі Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі ережелеріне нақты тоқталып өтті.
«Бағдарламалық құжатта құқық қорғау жүйесі үшін тікелей нұсқаулар, құқықтық саясатты іске асырумен байланысты тікелей мәселелер жоқ, бірақ Мемлекет басшысы экономикада және әлеуметтік салада ауқымды мақсаттар мен міндеттерді белгіледі, олардың шешімдері барлық жеке құрамның лайықты өмір сүруіне, өздерінің қызметтік және азаматтық парыздарын орындауына көмек береді.
Қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қорғау мемлекет дамуының барлық сатыларында өзекті. Әсіресе, экономикалық дағдарыс құбылыстарымен, олардың келеңсіз зардаптарымен кездесіп отырған бүгінгі заманауи жағдайларда өзектілігі арта түсуде»,-деп атап көрсетті Қ.Қасымов.
Алқа мәжілісінде Елбасы Жолдауының ережелерін ІІМ-нің әрбір офицері мен қатардағы жауынгерлік құрамына жеткізу жауапкершілігі жүктелді.
Ішкі істер органдары мен бөліністерінің басшыларының алдына Қ.Қасымов қылмыстар туралы азаматтардың өтініштері мен хабарламаларын қабылдау және тіркеу кезінде заңдылықты нығайту, қылмыстарды ашу және тергеу тиімділігін арттыру, қоғамдық тәртіпті қорғау тетігін жетілдіру, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидасын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттерді белгіледі.
Сонымен қатар Министр жеке құрам арасында заңдылық пен қатаң тәртіпті, ІІМ жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлеріне халықтың сенімін арттыру жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырды.
ІІМ-нің алқа мәжілісінде қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа үлгілері жағдайындағы жұмысқа дайындық, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін енгізу жөніндегі сынау тәжірибесінің нәтижелері қаралды.
Жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-іс жүргізушілік кодекстерінің қолданысқа енгізілуіне байланысты ішкі істер органдарының қылмыстарды ашу және тергеу жөніндегі жұмысына маңызды түзетулер енгізілетіні атап айтылды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы
-
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары
-
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы
-
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары
-
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
-
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды
-
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары
-
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы
-
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде
-
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді

