• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Мажарстанның ақылы жолдарды басқарудың электронды жүйесін зерттеуде

Қазақстан Мажарстанның ақылы жолдарды басқарудың электронды жүйесін зерттеуде

2 Желтоқсан, 2014 17:34
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы «Нұрлы жол» атты бағдарламасын іске асыру шеңберінде «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның Басқарма Төрағасы Берік Қамалиев бастаған қазастандық делегация Будапешт қаласына келді, деп хабарлады СІМ.

«Мажар ақылы жолдарының электрондық жүйелерімен танысып, технологияларды Қазақстанда енгізу сапардың басты мақсаты болды», - делінген хабарламада.

Іс-шара барысында Мажарстанның Премьер-министрі офисінің мемлекеттік хатшысы, бұрынғы Ұлттық дамыту министрі Жужанна Немет және Ұлттық дамыту министрлігінің мемлекеттік хатшысының орынбасары Золтан Бечей, сондай-ақ «Hungarian Public Roads Management Company», «Toll Service PLC» және «Hungarian Export-Import Bank» мажар ұлттық компаниялармен кездемулер өткізілді.

Қазақстандық делегация «HU-GO» дистанциялық төлеу жүйесімен және Мажарстанның барлық автожолдарындағы ақысын жинау электрондық жүйесін қызмет ету, қаржы жинау және тарификация жасайтын «Toll Service PLC» компаниясының жұмысымен танысты.

Нәтижесінде тараптар Қазақстан Республикасындағы республикалық маңызы бар жолдарында жолақысын төлету жаңа жүйесін енгізу бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойылды.

 

Барлық жаңалықтар