- Басты
- Жаңалықтар
- Малайзияда еліміздің жаһандық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бастамалары таныстырылды
Малайзияда еліміздің жаһандық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бастамалары таныстырылды
Ф.Қуанғанов аталған Халықаралық форум шеңберінде өткен «Жаһандық күштер тепе-теңдігіндегі өзгерістер» тақырыбындағы сессиясында сөз сөйледі. «Нұр Отан» партиясының Хатшысы еліміздің жаһандық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бастамаларымен таныстырып, «электрондық партия» құру және әлеуметтік желілерде азаматтармен әрекеттесу бойынша қазақстандық тәжірибесі туралы баяндап берді.
Қазақстан өкілдерінің БМҰҰ Бас хатшысы Малайзияның федералды аймақтары жөніндегі Министрі Тенгку Аднан Тенгку Мансормен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан-Малайзия саяси ынтымақтастығының, соның ішінде билік басындағы партиялары деңгейінде, қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды. Қазақстандық делегат малайзиялық серіктесіне еліміздің қазіргі экономикалық ахуалы, және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Елбасының халыққа жолдауының басты бағыттары туралы ақпарат берді.
Сонымен бірге БМҰҰ партиясының әйелдер қанатының лидері Шахризат Абдул Джалилмен болған кездесуі кезінде малайзия тарапы екі ел арасындағы, соның ішінде жоғары деңгейде, қалыптасқан саяси диалогтың даму қарқынына жоғары баға беріп, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары бойы қол жеткізген әсерлі әлеуметтік-экономикалық табыстарын атап айтты.
Сол күні Ф.Қуанғанов Малайзияның жылдың ең маңызды ішкісаяси іс-шараларының бірі – БМҰҰ партиясының Бас Ассамблеясының ресми ашылу салтанатына қатысты. Съезд жұмысына 2750-ден астам делегат, Азия, Африка және Еуропаның 21 мемлекетінің 31 саяси партияларының 117 өкілдері қатысты.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды