- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда "Astana Piano Passion” жас пианистер байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстанда "Astana Piano Passion” жас пианистер байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Фестиваль-байқауды ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі мен "Accordi di Astana" қоғамдық қоры. Байқаудың көркемдік жетекшісі және құрметті төрағасы – Ресейдің Халық әртісі, Денис Мацуев.
Байқаудың финалы 2015 жылы 24 сәуір мен 2 мамыр аралығында өтеді. Жақында, байқаудың арнайы сайтында байқауға қатысудың талаптары толықтай көрсетілген Байқаудың ережелері жарияланды. Үшінші байқауға айтарлықтай өзгерістер енгізілмеген, тек байқаудың жартылай финалы мен финалдың өту күні өзгертілген, деп хабарлады ұйымдастырушылар.
"Astana Piano Passion” ІІІ Халықаралық жас пианисттердің фестиваль-байқауды ұйымдастырудың мақсаты: фортепианолық өнер саласында жаңа таланттарды айқындау, ұлттық фортепианолық мектептер дәстүрін нығайту, орындаушылық өнер әдістерімен халықаралық алмасу, ұлттық мектептердің дәстүрлері мен шығармашылық байланыстарын нығайту, БММ –нің фортепианолық бөлімінде оқытудың шеберлік деңгейін жоғарылату. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты рухани тәрбиелеуде классикалық фортепианолық музыканы насихаттау, Қазақстанның дарынды жас музыканттарының шығармашылық жолының алғашқы аяққа тұру кезеңіне қолдау көрсету.
Қатысушылардың өнерін, беделді халықаралық қазылар алқасы құрамына кіретін әлемдік атаққа ие пианистер, айтулы халықаралық байқаулардың музыкалық продюссерлері бағалайтын болады. Қатысушылардың жасы – 18 жасқа дейін. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 60 000 АҚШ доллары.
Байқауға қатысу тегін, бұған қоса, ұйымдастыру комитеті қатысушы мен оны алып жүруші 1 адамның жол ақысы мен Астана қаласында тұру ақысын төлейді. Жас орындаушыларды Астана қаласының әкімі атынан екі арнайы сыйлық, байқаудың көркемдік жетекшісі атынан арнайы сыйлықтар – "Crescendo", "Annecy Classic" (Франция, Анси қаласы); «Звезды на Байкале» (Иркутск қаласы, Ресей); халықаралық фестивальдерге қатысу; Суздаль қаласындағы жазғы лагерьге бару, сондай-ақ қазақстандық композитор шығармасын үздік орындаушыға арналған арнайы сыйлық күтіп тұр және байқаудың лауреаттары атанған қатысушылардың мұғалімдеріне арналған сыйлық та тағайындалған.
Іріктеу туры арнайы құралған комиссиямен 2015 жылдың 1-20 наурыз аралығында өтеді. Байқауға қатысушылар іріктеу турының қорытындысы бойынша анықталады. Жартылай финалға саны 30-дан аспайтын жас музыканттар жіберіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты