• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда құрылыс компаниялары жұмысын шоғырландыру керек – Мырзахметов

Қазақстанда құрылыс компаниялары жұмысын шоғырландыру керек – Мырзахметов

2 Желтоқсан, 2014 14:29
Қазақстанда құрылыс компаниялары жұмысын шоғырландыру керек, деп мәлімдеді ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Еуразия құрылыс саласы конгресі барысында.

«Бізге қуатты қауымдастық керек. Барлық әріптестерімізді қауымдасу мен шоғырлануға шақырамын. Тек қауымдаса жұмыс істегенде ғана Ұлттық палатаның қолдауына ие боласыздар. Құрылыс – тек ғимарат салу емес, сонымен қатар құрылыс индустриясын да қамтитын үлкен сала. Осы орайда көптеген жұмыстар атқару керек. Негізінен, сала тек қаржыландыру мен жұмыс көлемінің көп болған кезінде ғана дамиды», - дейді А.Мырзахметов.

Басқарма төрағасының айтуынша, келер жылы Қазақстанда «Ұйымдардың өзін өзі реттеуі туралы» жаңа заң күшіне енеді. Бұл жалпы құрылыс индустриясы жұмыстары тетіктерін жеңілдетпек.

«2013 жылы ЖІӨ көлемінің 7 пайызға жуығы құрылыс саласына тиесілі. Яғни, 2008-2009 жылдары тоқырап қалған сала қайта бой көтерді деген сөз. Ал жұмыспен қамту тұрғысынан бұл саланың үлес салмағы 8 пайыз көлемінде. Ал берілген несиелердің 1,3 трл теңгесі осынау құрылыс саласына тиесілі», - дейді.

А.Мырзахметов сала мамандарын дайындау мәселесін де айналып өткен жоқ.

«Биыл біз Үкіметпен бірлесіп бірқатар мәселелерді қарадық. Нәтижесінде колледждердіңі 50 пайызының оқу бағдарламасын дайындауға тікелей мұрындық болу мүмкіндігін алатын боламыз. Сонымен қатар тағылымдама мен оқыту әдістеріне де тікелей араласамыз. Сонымен қатар кепілдендірілген жұмыспен қамту көлемін де арттыру басты назарда», - дейді А.Мырзахметов.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар