• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Сүлейменов: ЕАЭО – ЖІӨ жиынтығы 3 трлн АҚШ доллары көлеміндегі алтыншы экономика

Т.Сүлейменов: ЕАЭО – ЖІӨ жиынтығы 3 трлн АҚШ доллары көлеміндегі алтыншы экономика

2 Желтоқсан, 2014 15:33
Қазанда өткен «Еуразиялық интеграция: жетістіктер мен проблемалар» атты екінші қазандық экономикалық форум аясындағы алқа отырысында ЕЭК қаржылық саясаты және экономика жөніндегі министр Тимур Сүлейменов еуразиялық интеграцияның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) елдерінің бизнесі мен азаматтары үшін не беретіні туралы әңгімеледі.

«Форум  аясында еуразиялық кеңістікте жалпы қаржылық нарықты құру мәселелері қарастырылды.  Сонымен қатар, заманауи интеграциялық процестерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың институционалдық ерекшеліктері, ЕАЭО әлемдік аренада - жаңа одақтың халықаралық бірлестіктер және үшінші елдермен қарым-қатынасы, еуразиялық интеграцияның әлеуметтік аспектілері- көші-қон, еңбек нарығы, білім, зейнетақысының мобильділігі және т.б.»,- деп хабарлады  ЕЭК.

Оның айтуынша, ЕАЭО елдеріне шамамен 250 млн АҚШ доллары көлемінде жиынтық капиталы және 2 трлн АҚШ доллары көлемінде активтері мен шамамен 1 трлн АҚШ доллары көлемінде қаржы нарығының жиынтық  көлемі бар 1000-нан астам банктен келеді екен.

Тимур Сүлейменовтың айтуынша, еуразиялық экономикалық интеграция жобасын жүзеге асырудың алғашқы қорытындылары оның сұранысқа ие екенін және өміршеңдігін дәлелдеді.   «Бұл қорытындыны  дәлелдейтін маңызды көрсеткіштердің бірі  КО-ның өзінің сыртқы сауда қарқынымен салыстырғанда оның өзара тауар айналымы қарқынының әлдеқайда жоғары көрсеткішке жеткені болып отыр.   Нәтижесінде Ресей, Қазақстан және Белоруссия арасындағы өзара тауар айналымы Кеден одағы жұмыс жасап жатқан алғашқы үш жылда (2010-2012 ж.ж.)     45%-ға өскен, ал сол кезеңдегі сыртқы сауда  36%-ға өскен», - деп мәлімдеді ЕЭК төрағасы. 

Еуразиялық экономикалық комиссия мәліметінше, алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2013 жылы «үштік» елдерінен КО мен ЕЭК мемлекеттеріне келетін тікелей инвестиция ағыны   13,5%-ға артқан, яғни   1,6 млрд АҚШ долларынан   1,9 млрд АҚШ долларына дейін өскен.

Кеден одағы елдері (КО) мен Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) елдерінің инвестициялық ынтымақтастықты белсенді етудің маңызды факторларының бірі интеграциялық процестерді дамыту, біздің елдер арасында өзара саудадағы кедергілерді жою, бизнес-құрылымдардың өзара қарым қатынасы үшін жағдай жасау. 

ЕЭК Министрі атап өткендей, ЕАЭО шартында әлеуметтік салада біздің елдердің ынтымақтастығын дамыту бойынша нақты шараларды қарастырады.   «Осылайша Одақ қызметі біздің елдердің тұрақты дамуына, тұрғындардың өмірлік деңгейінің артуына ықпал етеді», - деді Т. Сүлейменов.

Барлық жаңалықтар