- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдан бастап «Алтын сапа» және «Қазақстанның ең үздік тауары» байқауын ҰКП ұйымдастыруы мүмкін - Рау
2015 жылдан бастап «Алтын сапа» және «Қазақстанның ең үздік тауары» байқауын ҰКП ұйымдастыруы мүмкін - Рау
«Биыл конкурсқа бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер ең алдымен конкурсқа барынша көп кәсіпорындарды тартуға бағытталған. Бұл жерде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегі көп тиді. Олар аудандардағы, ауылдардағы кәсіпкерлерге жол ашты. Жалпы, қазір «Алтын сапа» және «Қазақстанның ең үздік тауары» конкурстарын келесі жылдан бастап толықтай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізсін деген Президенттің Жарлығы дайындалуда. Осылайша, бизнес өз-өзіне баға береді»,-деп хабарлады Рау.
«Бүгінгі таңда 24-25 желтоқсанда аталған шара өтеді деп жоспарланған, бірінші бесжылдықтың қорытындысы шыққан соң, салалық қорда сараптама жасалатын болады.«Алтын сапа» жүлдесіне өзін не өнімін ұсыну үшін кәсіпорынның тәжірибесі болу керек. Яғни, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығында салынған кәсіпорындар «Алтын сапа» сапа байқауына қатысып, жүлде алып жүргені олардың бәсекеге қабілетті кәсіпорындар екенін көрсетеді»,-дейді вице-министр.
Айта кетейік, 2006 жылдан бері «Алтын сапа» жүлдесіне 7000-нан астам кәсіпорын қатысқан. Соңғы бірнеше жылдан бері бұл жүлдеге индустрияландыру картасы аясында ашылған кәсіпорындардың қатысып жатқандығы қуантады.
Индира Қауметова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады