Қазақстан еурокодтарды шектеу үшін 4 млрд теңге бөлді – Ошақбаев

2 Желтоқсан, 2014 13:04
Қазақстан еурокодтарды шектеу үшін 4 млрд теңге бөлді, деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев Еуразиялық құрылыс конгресінің қорытындысына арналған баспасөз конференциясында.

«Қазақстан еурокодтарды шектеу үшін 4 млрд теңге жұмсады. Бұрыңғы өңірлік даму министрі Б.Жәмішев атап өткендей, Қазақстан 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап еурокодқа өтуге толық дайын болады. Стандарттарды кім әзірлейтін болады. Әріптестер ұсынып отырғандай, бұл мәселемен Еуразиялық экономикалық комиссия айналысады», - деді Р.Ошақбаев.

«Сондай-ақ, бідің еурокодтар да жұмыс істеуде. Ресей тарапы тәжірибені зерттеген соң, бұл өндірістегі талаптарды орындауды қарастыратындығы белгілі болды. Біздің үш елдің біреуі де еурокаодқа көшуге әзір емес», - деді өз кезегінде А.Кручанова.

РФ өндірістік және кәсіпкерлер одағы  төрағасының  орынбасары Андрей Лоцманов еуразиялық интеграция елдері үшін ортақ база дайындауды ұсынды.

«Еурокодтар барлық базаны алмастыра алмайды. Бұл кішкене бөлігі ғана. Еуропада еурокодтар міндетті болып табылады», - деді ол.

Камила Амирова

 

Барлық жаңалықтар