• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік қолдау Қазақстанның фармацевтикалық нарығын шетел инвесторлары үшін тартымды етуде

Мемлекеттік қолдау Қазақстанның фармацевтикалық нарығын шетел инвесторлары үшін тартымды етуде

2 Желтоқсан, 2014 15:48
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында мемлекеттік Тиісті өндірістік практика (GMP) және Тиісті дистрибьюторлық практика (CDP) стандарттарына сәйкестік сертификаттарын салтанатты түрде табыстау шарасы өтті, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

«Еліміздің фармацевтикалық саласының стратегиялық мақсаттарының бірі - дайын өнім сапасын бақылау жүйесінен оның сапасын қамтамасыз ету жүйесіне көшу. Бұған халықаралық тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын енгізу жолымен жетуге болады», - делінген хабарламада.

Тиісті фармацевтикалық практика стандарттары әзірлеуден бастап тұтынушының пайдалануына дейінгі фармацевтикалық өнімнің бүкіл циклі бойында фармацетикалық нарық өнімдеріне, үрдістеріне, фармацевтикалық қызмет көрсетулерге, қатысушыларға талаптар қояды.  

Өндірушілер мен дистрибьюторлардың осы стандарттарды сақтауы халықты сапалы, қауіпсіз, тиімді дәрілік затттармен қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. GMP стандартын өз кәсіпорындарына енгізген қазақстандық өндірушілер саны жыл сайын өсіп келеді.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасынының көтерме сауда қоймалары да, сондай-ақ дәріханалар да белсенді түрде жаңғыртылуда. Көтерме сауда буынының 15 объектісі GDP стандартына; 15 бөлшек саудада өткізу  объектісі GPP стандартының талаптарына сай келеді.

Бірыңғай   дистрибьютор мен GMP стандарттарын енгізген және енгізуді жоспарлайтын отандық өндірушілер арасында Ұзақ мерзімді шарттар бекіту дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Бұл шара отандық өнеркәсіпті дамытуды оңтайландыруға, GMP ережелерін енгізуді ынталандыра отырып, шығарылатын медициналық өнім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

 

Қазақстанда фармацевтикалық өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау шаралары шетелдік инвесторлар үшін фармацевтикалық нарықты тартымды етеді.

 

Қазірде 5 ірі қазақстандық фармкәсіпорынға шетелдік компаниялар инвестиция салды. 2014 жылғы маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң фармацевтикалық сектордағы инвесторлардың қызметін айтарлықтай жандандыруы тиіс.

 

 

Барлық жаңалықтар