• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-ның 30 жетекші компаниясы «Қазақстан-Түрікменстан» бизнес форумына қатысты

ҚР-ның 30 жетекші компаниясы «Қазақстан-Түрікменстан» бизнес форумына қатысты

2 Желтоқсан, 2014 15:18
2014 жылдың 1 желтоқсанында Ашхабад қаласында ҚР ДИМ «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ «Қазақстан-Түрікменстан» бизнес-форумын өткізді.

Ұлттық агенттікте хабарлағандай, біздің өнімдерді сатып алуға мүдделі түркімендік компаниялар және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізетін қазақстандық делегация құрамына  экономиканың түрлі  салаларындағы жетекші компанияларының 30 өкілі кірді.

«Бизнес-форум қорытындысы бойынша түркімен дәрі-дәрмекгінің нарығында Қазақстанда өндірілген дәрі-дәрмектің 18 түрі тіркеліп, сатылатын болады.  Сонымен қатар, қазақстандық жартылай дайындалған өнімнен тұратын арматура өндірісі бойынша  Түрікменстанда біріккен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды.  Отандық өнім аталмыш нарықта үлкен басымдыққа ие деп ойлаймыз, мәселен, 2013 жылы Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы    393 млн АҚШ долларын құраған, ал 2014 жылдың 9 айында - 408 АҚШ долларын құраған, бұл ретте Қазақстанның осы елге экспорты     2,4 есеге артып, 301 млн АҚШ долларын құрады.  Сонымен қатар  біздің елдердің сауда-экономикалық қатынастарының өсіміне жаңа темір жол магистралінің ашылуы да ықпал етеді», - деп атап өтті   KAZNEX INVEST  төрағасының орынбасары Мейржан Майкенов.

Сонымен қатар, ТР Энергетика және өнеркәсіп министрлігімен жүргізілген келіссөздер барысында Түрікменстан аумағындағы қазақстандық трансформаторлардың жеткізілімін арттыру және сервистік қызмет көрсету мәселелері   талқыланды. 

Түрікменстанның Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағымен бірге Қазақстаннан 6 мың тонна металл өнімдерін жеткізу, Түркіменгазбен бұрғы мұнарасы және болат құбырларды жеткізу және тендерге қатысу мүмкіндіктері  туралы, мал шаруашылығы кешені үшін сорғылар жеткізу туралы ауыл шаруашылығы министрлігімен  келіссөздер жүргізілді.

Қазақстан -Түрікменстан - Иран жаңа темір жолы жүк жеткізудің ең қысқа жолы болып табылады, соның ішінде транзиттік, және  біздің елдер арасындағы ара қашықтықты да 600 шақырымға қысқартады, жолға   20 сағат кетеді, бұл Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы жүк айналымын арттыруға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар