- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясын тасымалдауды бастады
Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясын тасымалдауды бастады

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Т.Батуров атындағы Жамбыл МАЭС» АҚ Қырғыз Республикасы энергия жүйесінің мұқтаждықтары үшін 230 МВт электр қуатын өндіреді.
Қиын-қыстау қысқы кезеңде Қырғызстанға көрсетілетін қажетті көмек жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру нәтижесі болып табылады.
Қазақстанның электр энергиясын жеткізу мәселесі осы жылдың 7 қарашасында Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында талқыланған болатын. Келіссөздер қорытындысы бойынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көмек көрсету туралы шешім қабылданғанын айтты.
Қазақстан энергетиктері аталған шешімді орындау үшін қажетті іс-шараларды қамтамасыз етті. «Жамбыл МАЭС» АҚ мен «Электрические станции» ААҚ (ҚР) арасында жасалған 1,0 млрд. кВТ/сағ. көлемінде электр энергиясын жеткізуге сатып алу-сату шартына қол қойылды. Энергия жеткізу 2015 жылдың наурыз айын қоса алғандағы мерзімге дейін жоспарланып отыр.
Сондай-ақ алынған міндеттемелерді орындау үшін «Самұрық-Энерго» АҚ бұған қосымша Жүйелік оператормен («KEGOC» АҚ) электр энергиясын Қырғызстан Республикасының шекарасына дейін беруге және «ҚазТрансГаз» АҚ-дан электр энергиясының шартта келісілген көлемін өндіру үшін газ жеткізуге шарт жасасты.
Екі елдің қабылдаған шаралары 2014-2015 жылы су-энергетикалық теңгерімді жақсартпақ. Қазақстанның электр энергиясын жеткізу Тоқтағұл ГЭС-інде судың жиналуына ықпал ететін болады, сонымен қатар Қырғызста энергия жүйесінің қысқы кезеңде тұрақсыз жұмыс істеу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру

