ОҚО-ның Сарыағаш ауданында 600 орындық мектеп ашылды

2 Желтоқсан, 2014 12:23
Тұңғыш Президент күніне орай Сарыағаш ауданының Дарбаза ауылында 600 орындық орта мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бүгінгі күнге дейін 580 бала сапалы білім алу үшін ешқандай жағдай жасалмаған мекемеде білім алған болатын. Ал бастауыш сынып оқушылары 3 ауысыммен білім алған болатын. Енді бұл мәселелер шешілетін болды,оқушыларға барлық жағдай жасалды», - делінген хабарламада.

Әкімдікте хабарлағандай, ауданда 13 апатты жағдайдағы мектеп саналып, 4 мектеп үш ауысыммен жұмыс істеген. Осы жылы  12 мектептің құрылысы басталды, 5 мектептің жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. Сондай-ақ, осы жылы қолданысқа 10 жаңа мектеп берілді. 

Барлық жаңалықтар