- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» дамудың жаңа бағдарламасы толықтай экономикадағы орталықтандыру қағидасына сай келеді - Сұлтанов
«Нұрлы жол» дамудың жаңа бағдарламасы толықтай экономикадағы орталықтандыру қағидасына сай келеді - Сұлтанов

Министр «Нұрлы жол» экономикалық саясатын табысты жүзеге асыру үшін барлық жағдайдың жасалғанын атап өтті. «Мәселен, жүргізілген әкімшілік реформаның арқасында «жинақы» үкімет пен атқарушы биліктің жаңа құрылымы жұмыс жасап жатыр. Қаржы министрлігі жүйесіне бюджеттік жоспарлау жөніндегі блок өтті, сондай-ақ салық және экономикалық қылмыспен күрес қызметімен бірге кеден комитеттерін біріктіру жолымен Мемлекеттік кіріс комитеті құрылды», - деп мәлімдеді ол.
Қаржы министрінің басшысы ағымдағы жылдың аяғына дейін бюджетке түсім бойынша барлық жоспарды жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды. «2014 жылға арналған түсім бойынша нақтыланған жоспарға сәйкес жыл аяқталғанға дейінгі уақыт аралығында біз 682 млрд теңге жинауымыз және бюджеттік заңнамамен қарастырылған жоспарлы тағайындамалардың барлығын орындауымыз керек», - деп атап өтті Сұлтанов.
ҚР Президентінің «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» жолдауын жүзеге асыру аясында қаржы министрі салық және кеден әкімшілігі саласында бірыңғай процестерді жетілдіру арқылы мемлекеттік қызмет ұсыну сапасын арттыруға үлкен көңіл бөлуге назар аударды.
«Қаржы министрі шығындар бөлігінің орындалуының тиімділігі бойынша мақсатты трансферттерді игеруге ерекше тоқталды. Мәселен 2014 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 1 трлн 21 млрд 412,2 млн теңге бөлінді», - делінген ведомство ақпарында.
Сондай-ақ, Бахыт Сұлтанов қаржылық тәртіп бойынша жұмысты күшейтуге де мән берді: «Бұзушылықтар себебін анықтау бойынша қаржылық бақылаудың талдамалы құрамдас жұмыстарын арттыру, сондай-ақ оларды болдырмау және алдын алу қажет», - деді ол.
Жекешелендіру мәселелері бойынша министр ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған сатылымды 100% қамту керек, бұл дегеніңіз 127 нысан деп атап өтті.
Өз сөзін аяқтай келе, Б.Сұлтанов Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуі Мемлекет басшысының Үкімет алдына қойған бірінші деңгейлі міндеттерінің бірі екенін қадап айтты.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі
-
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері
-
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер
-
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы
-
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды

