- Басты
- Жаңалықтар
- Мысырда «ЭКСПО-2017» көрмесінің жобасы таныстырылды
Мысырда «ЭКСПО-2017» көрмесінің жобасы таныстырылды
««Дөңгелек үстелді» ашқан Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Берік Арын өз сөзінде осы көрменің ұйымдастырылу тарихында ол бірінші рет дамушы елдер мен мұсылман қауымдастығына жататын Қазақстанда өтетіндігі африка елдерінің Астана кандидатурасына кең қолдау көрсетулерінің арқасында мүмкін болды деп, олардың өкілдеріне өз алғысын білдірді. Еліміздің экономикалық дамуы мен инвестициялық мүмкіндіктері жайына тоқтала келіп, дипломат қатысушыларды Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген «Қазақстанның жаңа экономикалық саясатымен» таныстырды. Сондай-ақ ол 2015 жылы Евразиялық экономикалық одақтың өз қызметін бастауымен ашылатын әлеуетті өзара ынтымақтастықты дамытуға кеңінен пайдалануға шақырды», - делінген хабарламада.
«Астана ЭКСПО-2017»АҚ Ұлттық компаниясының халықаралық қатынастар департаментінің директоры Н.Ергешбаев көрме жобасымен таныстыра келіп, «Дөңгелек үстел»-ге қатысушыларды «ЭКСПО-2017»-ге дайындық барысымен, сонымен бірге оған қатысу шарттарымен және беретін мүмкіндіктерімен кеңінен таныстырды. Астана қаласында өтетін көрменің өте ауқымды жоба ретінде ойластырылғанын, әрі оның «Болашақ энергиясы» деген атауының ғаламдық энергетикалық қауіп-қатерлерге лайықты жауап табуға септігін тигізе алатындығын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, аталған шарада МАР Индустрия, сауда, орта және кіші бизнес министрлігінің ЭКСПО және конференциялар басқармасының төрағасы Халид Шихата «ЭКСПО-2017-ге Мысырдың қатысуы», МАР Электроэнергия және жаңарылатын энергия көздері министрлігінің Күн энергиясы департаментінің бас директоры Салех Абу Оуф «Жаңарылатын энергия көздері – Мысыр мен Қазақстанның ортақ мүддесі», «Тәуелсіз мысырлықтар» партиясының энергетика комитетінің төрағасы Ғалял әл-Гор «Шетелдік инвесторлар үшін Қазақстандағы бизнес-мүмкіндіктер» тақырыптарында баяндамалар жасады.
Шараға қатысушылар мен журналистерге ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы» таратылып, «EXPO Timeline» және «EXPO-2017 «Future Energy» бейне фильмдері көрсетілді, «ЭКСПО-2017» жайында ақпараттық және жарнамалық буклеттер, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен имиджіне қатысты басқа да материалдар тапсырылды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді