Есеп комитетінде мемлекеттік аудит жүйесіне өту мәселесі талқыланды

2 Желтоқсан, 2014 11:26
Есеп комитетіндегі Мемлекеттік сырқы қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің отырысында мемлекеттік аудит жүйесіне өту, соның ішінде «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң жобасын ел Парламентіне ұсыну мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, заң жобасын іске асыруда Есеп комитеті 50-ден астам құжат дайындауы керек. Қазіргі таңда солардың 20-сы дайын. 19-ы аяқталуға жақын болса, қалғандары 2015 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде дайын болады.

«Мемлекеттік сыртқы аудиттің жаңа стандарттарын енгізу мен мемлекеттік аудит нәтижесін мойындаудың негізгі аспектілері талқыланды. Сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жалпы және процедуралық стандарттары жобасын дайындау талаптарын мақұлдау шешімі мен Есеп комитеті тарапынан дайындалған бақылау шараларының нәтижесін мойындау тетіктері қаб»лданды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылардың назарын аударған нәрселердің бірі мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі мамандарының біліктіліктерін арттыру мен сертификатталған аудиторлардың пулын құру мәселесі болды.

Есеп комитеті төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің айтуынша, аудиторларды сертификаттау мемлекеттік қаржылық тексеру органдары мамандарын оқыту түрі мен мазмұнына қатысты әдістер мен қағидаларды түбегейлі өзгертуті, мамандар біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жүйесін енгізуді талап етеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мәліметтерінің бірыңғай ақпараттық базасын құру маңыздылығы айтылды.

«Қазіргі таңда Есеп комитеті интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жұмыстары жүргізіп жатыр. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында тексеру комиссияларының ақпараттық жүйелері ведомстваларымен Есеп комитетінің жүйесін интеграциялау жұмыстарын жүргізу қажет», - дейді төраға.

Барлық жаңалықтар