- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» Жолдауында белгіленген міндеттердің іске асырылуы денсаулық сақтау саласын дамытуға жаңа серпін береді- ДСӘДМ
«Нұрлы жол» Жолдауында белгіленген міндеттердің іске асырылуы денсаулық сақтау саласын дамытуға жаңа серпін береді- ДСӘДМ
Жұмыс сапарының бірінші күні Серікбол Мусинов Подстепное ауылындағы дәрігерлік амбулаториясында, Орал қаласындағы №5 қалалық емханасында болды. Областық диагностикалық орталығында вице-министрдің өңірдің медицина жұртшылығымен кездесуі өтті.
«Жұмыс сапарының екінші күні С.Мусинов Бөрлі ауданының тұрғындарымен және медицина қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында ол Жолдаудың негізгі басымдықтарына тоқталып, іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді», - делінген хабарламада.
Үшінші күні бірқатар денсаулық сақтау нысандарына бару және Гемодиализ орталығының пациенттерімен кездесу жоспарлануда.
Өңір тұрғындарының алдында вице-министр амбулаториялық-емханалық қызметтің, психологтар жұмысының өзектілігін, мектептердегі медицина қызметкерлерінің, жол құрылысының, инфрақұрылымның дамуының, салауатты ұрпақты тәрбиелеуде отбасылық құндылықтарды сақтаудың, елімізді дамытуда республиканың әрбір азаматының рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласына ақпараттық жүйені енгізу, әлеуметтік сақтандыру медицинаға көшу және тағы басқа мәселелер талқыланды.
С. Мусинов әріптестерін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, Ұлт Көшбасшысының жүйелі негізде атқарып келе жатқан қажырлы еңбегі нәтижесінде Қазақстан дамудың даңғылына түсіп, саяси, экономикалық және әлеуметтік сала, соның ішінде денсаулық сақтау саласы да жаңғыртылып жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде облыстың медицина жұртшылығы Президент Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау үшін барлық күш-жігерлерін салатындығын, белгіленген міндеттердің іске асырылуы денсаулық сақтау саласын дамытуға жаңа серпіліс беретіндігін айтып өтті.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы