- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға визасыз бара алатын болады – СІМ
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға визасыз бара алатын болады – СІМ
2 Желтоқсан, 2014 09:17
2014 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы азаматтардың визасыз қатынауы туралы Келісім өз күшіне енді.
ҚР СІМ хабарлауынша, енді Қазақстан азаматтары Корей Республикасы аумағында 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Осы сияқты Корей елі азаматтары да елімізде 30 күн қонақ бола алады.
«Қос мемлекет арасындағы визасыз режим туралы келісімге Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Пак Кын Хы арасында жазда қол қойылған еді. Аталмыш келісімге қол қою екі елдің сыртқы саясат ведомствасының бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, Оңтүстік Корея қазірдің өзінде Қазақстан экономикасына қаражат салатын ірі инвесторлардың бірі. Аталмыш елден ағылған жалпы инвестиция көлемі шамамен 8 млрд доллар көлемінде. Ал 2013 жылғы көрсеткіш бойынша екіжақты сауда айналымы 1,5 млрд доллар.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы