- Басты
- Жаңалықтар
- Президент туралы төртінші фильмнің бюджеті 2,5 млн долларды құрады
Президент туралы төртінші фильмнің бюджеті 2,5 млн долларды құрады
«Фильм бюджетіне келер болсақ, ол орташа ғана, индустриалды құрылымына қарай, Голливудта мұндай фильмді үлкен қаражатқа түсірер еді, ал бізде оған 2,5 млн доллар ғана жұмсалды, сондықтан мұндай картина үшін бұл орташа бюджет», - деп мәлімдеді режиссер.
Сонымен қатар, Р.Әбдірашев киноэпопеяның алғашқы бөлімдерін түсіру кезінде жиналған тәжірибе барлық қатысушалр мен фильмді жасаушылардың бірге және ұйымдасқан түрде жұмыс жасауларына көмектескенін атап өтті.
«Біз бұл алаңдарда болдық, түсіру және қарым-қатынас тәжірибесін жинадық, сондықтан бұл бізге өте жақсы көмек болды»,- деді фильм режиссері.
4 желтоқсанда киноның жалпы көрсетілімге шығарылатынын атап өткен жөн. Қазақстандықтар киноны еліміздің 70-тен астам кинотеатрларынан көре алады.
«Бізде қандай да бір алдын-ала келісім бар. Бүгін фильмнің алғашқы көрсетілімі болады, бұл біз үшін өте маңызды сәт, сосын көрсетілімдер өңірлердегі, облыс орталықтарындағы барлық кинотеатрларда болады, сосын кинофильмнің прокаты басталады»,- деп толықтырды Р.Әбдірашев.
«Тығырықтан жол тапқан» киножобасының түсірілімі 2014 жылдың ақпанында басталды. Фильмге қазақстандық актерлермен қоса ресей кино жұлдыздары Валентин Гафт, Евгений Сидихин, Владимир Стеклов, Евгений Стычкин, Виктор Сухоруков түсті.
Елбасының басты рөлін фильмде қазақстандық актер Нұрлан Әлімжанов ойнады.
«Тығырықтан жол тапқан» фильмінде Елбасы Н.Назарбаевтың жұмыс жолы, Теміртаудағы Карметкомбинат-металлургия зауытында партиялық ұйым жетекшілігі кезіндегі өмірі суреттелген.
Индира Қауметова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер