Қазақстанда Елбасы туралы «Тығырықтан жол тапқан» фильмі таныстырылды

1 Желтоқсан, 2014 12:49
ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Қазақстанда Мемлекет басшысы туралы жаңа фильм таныстырылды.Айта кетейік,режиссер Р.Әбдірашовтың «Тығырықтан жол тапқан» фильм «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі болып есептеледі.Бұл туралы ОКҚ брифингінде мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров мәлімдеді.

«Бүгін ҚР Президенті күні қазақстандық көрерменге режиссер Р.Әбдірашовтың мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» түсірілген «Тығырықтан жол тапқан» филмін мақтанышпен ұсынғалы отырмыз. Бұл «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі. Бүгін әрбір серия –әдбиет, музыкадағы  өнер болып табылады. Елбасының көптеген қыры терең зерттелді. Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясы жасап отырған фильм мәдениеттегі жаңа серпін болып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, Г.Ахмедьяров атап өткендей, киноэпопея 2011 жылдан бастау алған. «Ол 4 көркем фильмнен тұрады. Фильмдер тең Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, қазақстандық киноның күндері аясында әлемнің 20 елінде көрсетілді», - деді ол.

Вице-министр атап өткендей, бүгін 16:00 «Қазақстан» ОКЗ  Елбасының қатысуымен фильмнің тұсаукесері өтеді, ал 4 желтоқсан күні елдің 25 қаласының 50 кинотеатрында көрсетіледі.

Айта кетейік, «Елбасы жолы» киноэпопеясына «Балалық шағымның аспаны», «От өзен», «Теміртау» бөлімдері енді.

«Тығырықтан жол тапқан» киножобасының түсірілімі 2014 жылдың ақпанында басталды. Фильмге қазақстандық актерлермен қоса ресей кино жұлдыздары  Валентин Гафт, Евгений Сидихин, Владимир Стеклов, Евгений Стычкин, Виктор Сухоруков түсті.

Елбасының  басты рөлін фильмде қазақстандық актер Нұрлан Әлімжанов ойнады.

«Тығырықтан жол тапқан» фильмінде Елбасы Н.Назарбаевтың жұмыс жолы, Теміртаудағы Карметкомбинат-металлургия зауытында партиялық ұйым жетекшілігі кезіндегі өмірі суреттелген.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар